Ресейлік насихатшы әрі саясаттанушы Евгений Сатановский Қазақстан барлық нұсқаларды қарастырып жатыр және Батыс елдерімен де, Ресеймен де қарым-қатынасын үзуге асықпайды деп санайды, деп
newsroom.kz хабарлайды
altyn-orda.kz Interesting Russia басылымына сілтеме жасап.
Сатановский Қазақстанға бір жақты таңдау керек екенін меңзеп өтті.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан «әріптес пен тату көршіден Ресейге бірте-бірте жау мемлекетке айналып бара жатқанын»- баса айтты.
Сонымен қатар, ол украиндық сценарийдің Қазақстанда қайталануы екіталай деп санайды, бірақ бұл жайбырақаттылық танытуға негіз емес дегенге саяды .
Президент Тоқаев қазір америкалықтар мен британдықтарға Путинмен қарым-қатынасын үзбесе де, оның жақсы екенін және олардың нұсқауларын орындайтынын күшті және басты түрде дәлелдеп отыр.
Сондықтан ол санкциялардың Қазақстан арқылы айналып өтуіне жол бермейді», — дейді Сатановский.
Сатановский Қазақстанды екі жыл бұрын Ресейден де шет қалған Беларусьпен салыстырды. Ішкі мәселелер шешілген бойда Лукашенко тайсалмай,Ресейдің қолын ұстаған дейді
Қазақстанда басына күн туса , олар бірден Ресейге жүгіріп, Еуропаға жалтақтауды тоқтатады» деді ол.
Саясаттанушы Қазақстанға Европаға жалтақтауды қойып , бәрін байыппен шешуге шақырды