Бүгінде вакцина, екпе деген сөздерді естісе жұрт шошитын болған. Дәрігерлер керек деп дабыл қақса, қарапайым жандар, ауруды тоқтатудың жолы жоқ деп біледі. Алайда екпенің тарихына үңілсек, қоғамда жаппай ауру тарағанда, осы екпені ойлап, адамдар аман қалған екен. Ендеше екпе керек пе?
Дәрігер мамандардың сөзіне сенсек, бүгін тірі жүргеніміз үшін екпеге қарыздармыз. Бұл не деген сөз? Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, перзентханада ананың рұқсатынсыз-ақ алғашқы екпелерді сала бастайды. Яғни қорғансыз сәби мына дүниедегі әртүрлі микробтардан сақтана алмайды. Сондықтан оған медициналық көмек керек. Ғылыми тілмен айтсақ, белгілі бір ауруға қарсы тұруға иммунитет қалыптастыратын биологиялық препарат. Осылайша екпені қабылдау жас мөлшеріне қарай қабылдау жалғаса береді.
Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, 2021 жылы әлемдегі ең көп нәресте туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасымен қамтылған, деп жазады
newsroom.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Деректерге сенсек, 2021 жылы балалардың 84%-ы өкпе ауруына шалдыққандарға екпе қабылдаған. 1980 жылы егілгендердің үлесі бар болғаны 15% болса, 1990 жылы 81% туберкулезге қарсы егілген. Екпеден соң, ауруды жұқтыру азайып, өлім де кеміген.
2021 жылы балалардың 81%-ы дифтерия, сіреспе және көкжөтелге қарсы, сондай-ақ қызылшаға қарсы егіліпті.
Көбіне, кәмелетке толмағандар В гепатиті, полиомиелит және гемофилді тұмауға қарсы вакцинацияланған: балалардың 71%-дан 80%-на дейін. Балалардың үштен екісі қызамыққа қарсы егілген. Ең аз балалар ротавирус пен сары безгекке қарсы екпе қабылдаған.
Бүгінгі күні әлемде қызылшаға 94%, желшешек пен паротитке 92%, қызамыққа 86%, полиомиелитке 86%, көкжөтелге 82%, шешекке 83%, COVID-19-ке 65% және дифтерияға 62% қарсы ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі қалыптасқан.
COVID-19 пандемиясына дейін әлемде бірнеше жұқпалы аурулар болғаны айқын. Оларға қарсы балалар ондаған жылдар бойы екпе қабылдаған. Әлемді шарпыған пандемияның тарауына қарсы вакцина табылмады. Оны ойлап тапқанша бір-екі жыл керек болды. Сондықтан да болар адамзатта күдік пен күмән пайда болды. Бүгінгі таңда көпшілік ата-аналар екпе салдырудан мүлде бас тартып жатқанын естіп жүрміз. Әрине әр адамның өз білімі, пікірі бар. Алайда “сақтансаң, сақтаймын” деген сөзді бір сәт қаперде ұстаған жөн болар. Өйткені бала денсаулығына ата-ана әркез жауапты.