Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өзбекстандағы балабақшада тағы дау: 15 жасар меңгеруші ұлы 6 жасар қыздарды азғырған

Өзбекстандағы балабақшада тағы дау: 15 жасар меңгеруші ұлы 6 жасар қыздарды азғырған

Өзбекстандағы балабақшада тағы дау: 15 жасар меңгеруші ұлы 6 жасар қыздарды азғырған
ашық дереккөзі
  Өзбекістанның астанасы Ташкенттегі балабақшадан шу шықты. Балабақша басшының 15 жасар ұлы 6 жасар қыздарға қол тигізіп, оларды шешіндіруге мәжбүрлегені белгілі болды, деп хабарлайды newsroom.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап. Мектеп оқушысы күн сайын балабақшаға тыныш сағат кезінде келіп, балалармен бірге дайындық тобында болған. Қорқытып ол төрт қызды, олардың бірі шетелдіктің қызы, шешінуге мәжбүрлеп, жасөспірім қыздарға қол тигізген. Алайда бір қыз айқайлаған соң, қорқып кетіп қалған. Порталдың мәліметінше, оқиға бойынша тексеру басталған. Қыздардың ата-аналары балалар ұйықтайтын бөлмеде камералар орнатылмағанын және тергеу күні кіреберістегі камера кенеттен жұмысын тоқтатқанын айтады. Ал балабақша меңгерушісі "өз міндеттеріне жауапсыз қарағаны және балалардың өміріне қауіп төндіргені үшін" қызметінен босатылған. Осы оқиға бойынша ҚК-нің 119-бабы "жыныстық қажеттілікті табиғи емес нысанда күштеп қанағаттандыру" және 25-бабы "қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іс Бас прокуратурасының бақылауында. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Өзбекістандық екі шенеунік балалар үйіндегі қыздарды зорлағаны үшін түрмеден қашып кеткен болатын. Бұл оқиға екі жыл бұрын Өзбекстанның Үргенш қаласында орын алған. Осы жылдың наурыз айында ғана Nemolchi.uz жобасы әлгі шенеуніктердің жазаларынан қашқаны үшін жария еткен. Оқиға былай болған, 2021 жылы Үргенчтегі балалар үйінің меңгерушісі кәмелетке толмаған үш оқушыны жергілікті шенеуніктермен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Қыздармен жыныстық қатынасқа түскен соң, мемлекеттік қызметкерлер мекемеге азық-түлік, тамақ, жиһаз, техника әкеліп, директордың басқа да мәселелерін шешуге уәде берген. Екі шенеуніктің бірі облыстық Әділет басқармасының қызметкері болса, екіншісі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы болған. Құрбандардың ең кішісі небәрі 15 жаста болған. Кәмелетке толмаған жетім қыздарды шенеуніктер 10 ай бойы зорлап келгені анықталған. Алайда айыпталушылар сотта қыздарды жыныстық қатынасқа ешкім мәжбүрлемегенін айтқан. Іс сотта қаралып, балалар үйінің меңгерушісі 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылса, ал ер шенеуніктер өз аймақтарынан түнде үйден шықпау шартымен бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Өзбекстанда көптеген адамдар бұл жазаны жеткіліксіз деп санайды. Наразылық танытушылар жай ғана ұрлық бойынша сотталғандар 5 жылды арқалап кете барады, ал мынадай зорлық-зомбылық үкімет назарынан тыс қалуда екенін алға тартады. Отбасылық тәрбиеге мән беретін, имандылықты жоғары қоятын өзбек ағайын қазіргі қоғамда орын алып жатқан қылмысқа қарсы тұра алмай жатқаны өкінішті…