Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Депутат Қазақстанда ұйғыр, өзбек, тәжік, неміс мектептеріне қолдау жетіспейтінін айтып, шағымданды

Депутат Қазақстанда ұйғыр, өзбек, тәжік, неміс мектептеріне қолдау жетіспейтінін айтып, шағымданды

Депутат Қазақстанда ұйғыр, өзбек, тәжік, неміс мектептеріне қолдау жетіспейтінін айтып, шағымданды
ашық дереккөзі
Елімізде ұйғыр, өзбек, тәжік және неміс тілінде сабақ беретін мектептер Оқу-ағарту министрлігінің назарынан қалған. Кесірінен бұл білім ұялары оқулықтармен уақтылы қамтамасыз етілмейді екен. Осылай деген сенатор Зәкіржан Кузиев қазақстандық білім беру саласын сынады деп newsroom.kz хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  Қазақстанда ұйғыр, өзбек, тәжік, неміс тілдерінде білім беретін 208 мектеп болса, ол жерде 100 мыңға тарта бала оқиды. Ал жалпы елімізде 3.5 миллион баланы қамтитын 6 900 мектеп бар. Осы деректерді келтірген сенат депутаты Оқу-ағарту мнистрлігінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. “Алматы, Жетісу облысының тұрғындарымен кездескенде ұйғыр,тәжік,өзбек тілінде оқытатын мектептерде  оқулықтың жетпей жатқаны айтылды. Аталмыш мектептердің 1-11 сынып аралығындағы оқушылары Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрықты кештетуінің кесірінен оқулықты уақытында ала алмай келеді. Оқулықтар ең ерте дегенде бірінші  тоқсанда, тіпті екінші тоқсанда бір-ақ жетіп жатады,” — дейді сенатор Кузиев. Ол бұл депутаттық сауалын үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады. Депутаттың айтуынша, бұл жағдай білім беру саласын ақсатып отыр. Қазір елде 20 шақты баспа оқулық әзірлігімен айналысады. Қалыптасқан жағдайға қатысты жауапты министрлік уақыт пен кадр жетіспеушілігін сылтауратса керек. Сөз түйінінде Зәкіржан Кузиев ұйғыр, тәжік, өзбек, неміс мектептеріне кітап әзірлейтін филолог мамандарға грант бөлуді, мектептерге оқулықтардың жеткізілу уақытын үйлестіруді Үкіметтен талап етті.