Жеңіс күні, 9 мамырда «Отан Ана», Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Иван Панфилов ескерткіштеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументалды кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Кешкі сағат 19:00-де музейде «CHANEL № 5» деректі драмасы ұсынылады. 14:00-ден 17:00-ге дейін Есіл жағалауындағы амфитеатрда «Отанға қызмет - ұлы құрмет» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. 9 мамырда спортсүйер әуесқойлар Триатлон паркіндегі жеңіл атлетика эстафетасына қатыса алады. 11 мамыр күні кешке «Жастар» сарайының залында «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. 11 мамыр күні сағат 12:00-де «Ардагер» халық хоры Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Біз бұл күнді есте сақтаймыз» концертімен өнер көрсетеді. 17 мамыр күні сағат 12:00-де «Соғыста да ән шырқалған» әдеби-музыкалық композициясы өтеді, ал 23 мамыр күні сағат 15:00-де тыл еңбеккерлерімен кездесу ұйымдастырылады. Естеріңізге сала кетейік, Жеңістің 78 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, әскери іс-қимылдарына қатысушыларға, Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлем аударылады. Сондай-ақ, осы санат үшін мамыр айында №8 емханада тегін медициналық тексеруден өту ісі қарастырылған. «Қамқорлық мекенжайы» акциясы аясында оларға азық-түлік себеттері беріледі, аулалары қоқыстардан тазартылады және т.б.