Бүгінгі біздің депутаттық сауалымыз басталмай жатып бір емес екі рет тоқтатылған, бөлінген миллиардтаған қаражат бір емес, екі рет игерілмеген, Президентіміздің Үкіметке берген тапсырмасы да орындалмаған, Парламент мінберінен бірнеше рет депутаттық сауалмен көтерілген,премьер-министрдің бірінші орынбасарының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы хаттамасы да орындалмаған - Маңғыстау облысындағы «Қошқар Ата» ойпатында орналасқан әлемдегі ең үлкен радиоактивтік қалдықтар қоймасын рекультивациялау жұмыстары болып отыр. 700 мың Маңғыстау халқының тағдырын тәлкек еткен жауапты мемлекеттік тұлғаларға тексеріс жүргізіліп, қатаң жауапқа тартылуын талап етеміз, - деді Самат Мұсабаев.