Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 мамыр, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жайна Сламбек “Назарбаевқа микрофон ұсынып, өзінен интервью алу керек”

Жайна Сламбек “Назарбаевқа микрофон ұсынып, өзінен интервью алу керек”

Жайна Сламбек “Назарбаевқа микрофон ұсынып, өзінен интервью алу керек”
ашық дереккөзі
  Журналист Асхат Садырбай белгілі журналист Жайна Сламбекпен сұхбат барысында алғашқы президентке қатысты сұрақ қойған болатын. “Сізді президент Нұрсұлтан Назарбаевпен талай рет іссапарда болдыңыз? Ол кісіден сұхбат алғыңыз келер ме еді?” деген сұраққа Жайна Сламбек өз ойын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz. “Мен былай ойлаймын Асхат. Қарап отырсақ, біздің тарихымызда аңыз көп. Нақты дәйек аз. Ылғи да біз, осылай болған екен, былай айтыпты деп ауыз екі әңгімелерге арқа сүйейміз. Мысалыға Дінмұхамед Қонаев қызметтен кеткеннен кейін де, бірнеше жыл өмір сүрді. Кітаптар да жазды. Бірақ сол кісіге микрофон ұсынып, ешкім жазып алған жоқ. Былай қарап тұрсаң, осыдан отыз-ақ жыл бұрын болған кезең, оқиға. Мен осыған әттең-ай деймін. Ол кісіге микрофон ұсынып, Б.Ельциннің “Исповедь на заданную тему” деген сияқты ішіндегі дүниені жазып алу керек еді. Бір жағы қоғам білгісі келетін сұрақтарды қойып, сол сұрақтардың жауабын алу керек еді. Сол сияқты Нұрсұлтан Назарбаевқа да микрофон ұсынып, жазып алу керек деп ойлаймын. Ол ешқандай да адвокаттық тұрғыдан емес, ол адамның өзінің ойы қандай? Неге солай істеді? Қайжерде қателестім деп ойлайды өзі? Соны өзінің аузынан естіп, жазып алып қалу керек? Сол жағынан интервью керек деп ойлаймын”,-дейді журналист. Естеріңізге сала кетейік, Жайна Сламбек “Хабар” агенттігінде тілшілік қызметін бастаған. Орақ тілді журналистің қызмет қоржынында комментатор, тілші, жүргізуші, телеканал басшысы қызметтерімен толыққан.