Мақтаныш па, дүмпу ма: танымал депутат полиглот президентіміз туралы не жазды?

Мақтаныш па, дүмпу ма: танымал депутат полиглот президентіміз туралы не жазды?

ашық дереккөзі

  Әлеуметтанушы, қоғам белсендісі, Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза президент туралы фейсбук парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz. “Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытай гроссмейстеры Динь Лижень мен Ресей гроссмейстеры Ян Непомнящийді Ақ Ордада ресми қабылдады. Қытаймен қытайша, орыспен орысша сөйлескен президентімізге қалай риза болмайсың!? Кәдімгідей кеудеңде бір мақтаныш па, бір дүмпу ма, ”бұл менің президентім!” деп айқайлағың келе ме …. Сондай бір сезімде отырмын”,-деп жазды ол. Алайда бұл жазбасы оқырмандарына ұнамай қалған сияқты. “Қазақша сөйлессе де мақтап, жалпақтауға тиісті емессің. Өйткені ол Қазақ деген елді басқарып отыр. Сен де сол елдің атынан сайланған депутатсың. Президенттің әр сөзіне жүрегің елжіреп, кайф ұстауды сен тез ақ үйреніп алдың”, “Ол енді заң бұзу. Президент ресми кездесуде мемлекеттік тілде сөйлеу керек. Қазір елдегі кез келген бала көп тіл біледі”, “Оның несі мақтаныш? Өзге тілдің бәрін біл ,өз тіліңді құрметте деген. Сол елге барып сөйлесе бір жөн, өз елінде отырып басқа тілде сайрап отыр.. негізі дұрыс емес. Кешегі айтқан тіл туралы жарлығы ,өз тілін ойып білмеген соң ыңғайлап алған өзіне!”, - деп жазды олар. Естеріңізге сала кетейік, Самат Нұртаза Мәжілістің сегізінші айналымында сайланған депутат.

Жүктелуде...