Биыл көктемге қарай қазақстандық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 16,7 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері көрсеткіш 1,2%, бір айда 0,4% төмендеді (көрсеткіштердің төмендеуі қатарынан екінші айға созылды), деп хабарлайды newsroom.kz.
Жалпы құлдырау аясында кейбір екінші деңгейлі банктер оң үрдісті сақтап қалды. Атап айтқанда, жыл басынан бері Bereke Bank халық депозиттері портфелінің өсімі бойынша көшбасшы болды: бірден 7,9% көбейіп, 2023 жылдың 1 наурызына дейін 222 млрд теңгеге жетті. Бір айда қаржы институты портфелі 3,4% ұлғайды.
Еске салайық: биыл көктемде бұл қазақстандық банк жеке тұлғалардың депозитіне қатысты бірқатар акцияларды іске қосты. Мысалы, қазір 30 сәуірге дейін «Сенім» депозиті бойынша науқан бар: рекордтық ЖТСМ ұсынылады — 17,7%-ға дейін.
Жыл басынан бері депозиттердің өсімі бойынша екінші орында Фридом Финанс Қазақстан банкі: 5,9% көбейіп, 327,7 млрд теңге жетті. Бір айда 0,2% ұлғайған.
Жыл басынан бері тағы 6 ЕДБ өсім көрсетті: ВТБ банкі (5,7%), Home Credit Bank (4,7%), Отбасы банкі (4%), Al Hilal ислам банкі (3,4%), Қазақстандағы Қытай банкі (2,8%) және Қытай СӨБ (0,1%). Алайда ақпан айында бұлардың арасында 2 банк көрсеткіші төмендеген: Al Hilal ислам банкі мен Қытай СӨБ.
Аталған барлық қаржы институттарының ішінде Al Hilal ислам банкі де, қытайлық екі банк те, ВТБ банкі де ҚР-ның халықпен жұмыс істейтін негізгі ЕДБ саналмайды, бұл банктердің әрқайсысының үлесі бөлшек депозиттер нарығының 0,1%-нан аспайды.
Шындығында, Қазақстандағы халыққа депозит ұстанатын ірі банктердің ішінде тек Bereke Bank, Фридом Финанс Қазақстан банкі, Home Credit Bank және Отбасы банкі жыл басынан бері және бір айда оң көрсеткіш көрсетті.
Жыл басынан бері ҚР-ың 21 ЕДБ-нің 13-і, ал ай қорытындысы бойынша 11-нің көрсеткіші төмендеді.