weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркия президенті еліміздегі құтқарушылар басшысын төсбелгімен марапаттады

Түркия президенті еліміздегі құтқарушылар басшысын төсбелгімен марапаттады

Түркия президенті еліміздегі құтқарушылар басшысын төсбелгімен марапаттады
ашық дереккөзі
  Анкарада президент Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерді құтаруда ат салысқан Қазақстандық құтқарушы қызметкерлерін марапатталды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марапатталғандар арасында Қазақстаннан Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев зілзала салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медаліне ие болды. Аталған ммлекеттік награданы түрік басшысы Режеп Тайып Ердоган табыстады. “Бауырлас Түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Адамдардың өмірін құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа ризашылығымды білдіремін! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз!» - деді Ибрагим Күлшімбаев. Естеріңізге сала кетсек, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарған болатын. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді. Жұмыстар аяқталып, елімізге оралған құтқарушыларды ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік марапаттар табысталған еді.