Шахмат чемпионы: “Қазақ тілін үйренуге уақытым жоқ!”

Шахмат чемпионы: “Қазақ тілін үйренуге уақытым жоқ!”

ашық дереккөзі

  Еліміздің бетке ұстар шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына неге қазақша сөйлемейтінін айтып сынға қалды. Ол ана тілінде сөйлемейтін себебін әлеуметтік желіде хабарлаған, деп жазады newsroom.kz. “Менің кестем өте тығыз. Біздің отбасымыз негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақшаға уақыт жоқ. Сәуірде мен 3 турнир ойнаймын, мамырға екеуі жоспарланған, Сондықтан мұнда таңдау керек, шахмат немесе тілдерді үйрену. Бірақ мен тырысамын”, - деді Бибісара. Алайда спортшы қызды қолдаушыларды гөрі, сынағандар көп болды. Олар “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”, “Бұл жай ғана сылтау!”, “Жақсы болсын, жаман болсын, қазақ тілінде сөйлей бер, онда тұрған не бар, әрекет қой ең бастысы!” деп жазды желі қолданушылары. 7 сәуірден басталған шахматтан әйелдер арасында турнир өтіп жатыр. Бибісара Асаубаева Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанған болатын. Фото: tengrinews.kz

Жүктелуде...