Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 сәуір, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: бәсекелестік тұрғысынан 17-ден астам тауар нарығын зерттеу жоспарланған

Түркістан: бәсекелестік тұрғысынан 17-ден астам тауар нарығын зерттеу жоспарланған

Түркістан: бәсекелестік тұрғысынан 17-ден астам тауар нарығын зерттеу жоспарланған
ашық дереккөзі

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліби Тұрысбаев айтты, деп хабарлайды newsroom.kz

Оның сөзінше, өткен жылы Түркістан облысының тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 43 талдау аяқталған. Жанар-жағармай материалдары, сұйытылған мұнай газ, ӘМАТ, тұтынушыларды табиғи газға қосу кезіндегі құрылыс-монтаждау қызметтері, электр энергиясын өткізу нарықтары зерттелген. Сондай-ақ, ӘМАТ өндірушілерімен 12 монополияға қарсы комплаенс актісі келісіліп, «INSAF LTD» ЖШС (ұн, нан), «Сайрам-Сүт» ЖШС (сүт өнімдері), «Арыстанов П.» ЖК (қант), «Яссы құрылыс» ЖШС сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға дейін төмендеткен. Ал басқа көтерме саудагерлермен 7 монополияға қарсы комплаенс актісі келісілген.

– Биыл 17-ден астам тауар нарығында бәсекелестіктің жай-күйін зерттеу жоспарланды. Қазіргі уақытта күріш, ұн, шитті мақта және СМГ өндірісінің және өткізудің тауар нарықтарын зерделеу жүргізіліп жатыр. Бұл орайда айтарым, департамент баға реттеуші емес. Біз тауарлардың, оның ішінде ӘМАТ-тың бағасын реттемейміз және белгілемейміз. Біздің міндетіміз – табиғи монополия субъектілері ұсынған нарықтардан басқа, нарықта доминанттар мен монополистер болып табылатын субъектілер тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда ден қою, - деді Әліби Бақтыбекұлы.

Сонымен қатар, өткен жылы нарықты талдау, өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Департаментпен монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы 8 хабарлама шығарылып, 13 тергеу жүргізілді. Ал бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 16 әкімшілік іс қозғалып, оған 38 млн 406 мың теңге мөлшерінде монополиялық кіріс тәркіленіп, айыппұл салынды.

Одан бөлек, тергеп-тексеру нәтижелерінен Түркістан қаласының «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ-не қатысты, жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру кезінде ақшалай қаражаттың біркелкі бөлінбеуі фактісі бойынша монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданды. Жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша Бөлім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, «Бәйдібек орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК 2022 жылғы сәуірден тамызға дейін 3 388 теңгеден 6 040 теңгеге дейін 075/у анықтама беру бойынша қызметке негізсіз жоғары баға белгілегені анықталды. Тергеу қорытындысы бойынша Департамент материалдарды Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотына өткізді.

Одан бөлек, биыл Түркістан қаласының көппәтерлі үйлері тұрғындарының өтініштері қаралды. Нәтижесінде, «Жылу» МКК тұтынушылардан есептегіш құралдары арқылы емес, текше метр арқылы есептеу жүргізгенін анықтады. Өтінішті қарау қорытындысында аталған мекеме тұрғындарға жалпы сомасы 29 491 548,59 теңгеге қайта есептеу жүргізді.

Айта кетейік, Президент тапсырмасына сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Open Space» диалог алаңы жұмыс істейді. Онда облыс кәсіпкерлері мүдделі мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп, бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді талқылайды. Жыл басынан бері 4 отырыс өткізілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі