Кеш жарық, менің даусымнан шок болып ұйықтай алмай жатқан, менің тыңдармандарым, оқырмандарым, қалдарыңыз қалай? Өзімнің дауысымнан өзім шок болдым десем болады. Жарайды, ондай мүмкіндікті жасап берген, азаматтар, жарайсыздар, сіздерге респект. Сол ең бастысы мен сіздермен біргемін, сіздер менімен біргесіздер. Бұл алдағы уақытта үлкен концерттерге жолдама деп ойлаймын. Күтіңіздер, жанды дауыста жақсы жобаларды күтіңіздер. Бәрі күшті болсын, - деді Гүлнұр Оразымбетова.