Биылғы қаңтар айында елімізде 126,9 мың автокөлік есепке қойылды, деп Newsroom.kz хабарлайды Inform.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Биылғы қаңтарда 126,9 мың автокөлік есепке қойылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% көп. Оның ішінде жеңіл автомобильдер – 25,9%, жүк автомобильдері – 39,5%, автобустар саны 2 есеге артты.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 4 518,7 мың көлік тіркелген (2022 жылдың 1 қаңтарында 4 308,6 мың болған еді). Оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері, 2,1% – автобустар.
2023 жылдың қаңтарында тіркелген көліктер арасында:
- құрастырылғанына 3 жылдан аспаған – 16 562;
- 3-7 жыл аралығындағы – 6 896;
- 7-10 жыл аралығындағы – 15 825;
- 10 жылдан асқан – 77 328.
Фото: Kolesa.kz