Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен Whatsapp мессенджерін басқаратын Meta Platforms корпорациясы 10 мың қызметкерді жұмыстан шығаруға дайындалып жатқанын хабарлады, деп Newsroom.kz жазады BBC.com-ға сілтеме жасай отырып.
Бұл соңғы алты айдағы meta-дағы ауқымды қысқартулардың екінші кезеңі -қараша айында компания 11 мың қызметкерді жұмыстан шығарды.
Корпорация басшысы Марк Цукерберг қызметкерлерге жолдаған мәлімдемесінде қысқартулар, ол айтқандай, "ауыр" болады және компанияның "тиімділік жылы" деп аталатын жылдық жоспарының бөлігі болып табылады деп жазды.
Сондай-ақ, компания қолданыстағы 5000 бос орынға қызметкерлерді жалдаудан бас тартады.
Фото: bbc.com/Getty images