Министрлік 19 наурыздағы сайлауда дауыс беру жұмысын онлайн форматқа ауыстыра алмайтынын айтты. Оған себеп халықаралық қауымдастықтың дайын еместігін алға тартты, деп хабарлайды newsroom.kz.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин азаматтардың алдағы уақыттағы межеленген Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда онлайн түрде дауыс бере алмайтынын айтты. Егер азаматтар eGov арқылы дауыс берсе, оларға құпиялылыққа кепілдік беру керек. Ол заң бойынша сайлаушының кімге дауыс бергенін ашуға тыйым салынған. Сондықтан онлайн дауыс беру кезінде дерекқорда "іздер" қалуы мүмкін екенін түсіндірді.
Министрдің айтуынша, құпиялылыққа кепілдік беру үшін арнайы бағдарламалық жасақтама қажет. Сондай-ақ дауыстарды санаудың заңдылығын, сақталуын тексеруі керек бақылаушылар түріндегі халықаралық қауымдастық та бар екенін ұмытпаған жөн екенін түсіндірді.
"Бақылаушы сайлау учаскесінде тұрғанда, ол есептейді емес пе? Онда нақты құпиялылыққа кепілдік бар. Ширмаға кіргенде, бюллетеньді белгілеп, орап, оны жәшікке лақтырасыз. Осылардың барлығын орындау үшін бақылаушылар мұны қалай жасайтынын түсіну керек. Онлайн дауыс беруді енгізуде техникалық мәселе жоқ. Бұл бір-екі жылдың ішіндегі жұмыс, біз оны құра аламыз. Бірақ халықаралық қауымдастықпен жұмыс істеу керек, өйткені бақылаушылар бәрі дұрыс жұмыс істейтініне сенімді болуы керек. Ол үшін бақылаушылар келіп, кодтарды аша алатын, көре алатын айтишниктер болуы қажет. Мәселе біздің қолымыздан келмейтінін де емес, халықаралық қоғамдастық әлі де бірқатар қажетті қадамдарды қабылдамағандығында", - дейді Мусин мырза.
Қазіргі кезде министрлік азаматтарды тиісті сайлау учаскесіне тіркеуден шығаруды және тіркеуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін жұмыстарды жоспарлап отыр. Сайлау аяқталған соң Қаржы министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, осы жұмыстарды электрондық форматқа көшіруді оңтайландырмақ.
Фото: Almaty.tv