Бүгінде сауда-сатыққа қатысы бар адам Wildberries-ті жақсы біледі. Платформада 82 мың адам саудасын жасап жүр, деп хабарлайды forbes.kz-ке сілтеме жасап newsroom.kz.
Wildberries бұл ресейлік халықаралық интернет-дүкен. Бұнда киім-кешектен бастап, азық-түлік, электроникаға дейін, жалпы күнделікті адам өміріне қажетті дүниенің бәрі сатылады. Ресейдің барлық аймақтарынан бөлек, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерін де қамтиды.
Компанияның негізін 2003 жылы Татьяна Бакальчук деген әйел құрған. Жалпы бұл платформа жылдан-жылға дамуда. Сатып алушылары да, сатушылары да көбеюде. Бұған қоса Украина мен Ресей арасындағы соғысқа байланысты әлем елдерінің Ресейге шектеу жариялауы платформаның одан әрі бірнеше есе дамуына әсер еткен.
Соңғы жылы Wildberries арқылы өз тауарларын сататын қазақстандық кәсіпкерлердің саны алты есеге өскен.
Wildberries баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда өндірілген өнімді сату жылына 383 пайызға, яғни 962,1 млн рубльге дейін өскенін айтады
Wildberries-те қазақстандық тауарлардың ең танымал санаттары:
- азық-түлік-олар бір жылда 349,3 миллион рубльге сатылды;
- киім-101,7 миллион рубль;
- экономикалық қаражат-89,8 миллион рубль;
- косметика және парфюмерия-74,2 миллион рубль;
- ыдыс - аяқ пен құрал-жабдықтар-55,9 миллион рубль.
- Үйге арналған тауарлар-50 миллион рубль.
Құрылғанына 18 жыл болған интернет дүкеннің айналымы 2022 жылы 98 пайызға, 1,67 трлн рубльге дейін өсті. Күн сайын платформада 8 млн тапсырыс ресімделеді.
Фото: Reuters