weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 наурыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сауд Арабиясы мен Иран Бейжіңде келісімге келді

Сауд Арабиясы мен Иран Бейжіңде келісімге келді

Сауд Арабиясы мен Иран Бейжіңде келісімге келді
ашық дереккөзі

10 наурызда Бейжің, Сауд Арабиясы және Иран жариялаған үшжақты бірлескен мәлімдемеге сәйкес, Сауд Арабиясы мен Иран Бейжіңде келіссөздер жүргізді, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Бірлескен басқосуда дипломатиялық қатынастарды және әр тарап өз елшіліктерінің жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге келді.

Сауд Арабиясының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мұсаид бен Мұхаммед әл-Айбан және Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің хатшысы Али Шамхани 6-10 наурыз аралығында өткен Бейжіңдегі келіссөздерде Сауд Арабиясы мен Иран делегацияларын басқарды. Үш Тарап жоғарыда аталған мәлімдемені 10 наурыздағы келіссөздерден кейін жариялады.

Фото: Kaz.people.cn