Камчатка өлкесінде жер сілкініп, магнитудасы 6,1-ге жетті. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының геофизика қызметінің Камчатка филиалынан хабарлады, деп Newsroom.kz жазады Halyq-uni.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
«Зілзала ошағы 59 шақырым тереңдікте жатты. Эпицентрі Солтүстік-Курильскіден 128 шақырым жерде жатыр», - делінген хабарламада.
Жерасты дүмпулерінің күші нақтылануда.
Фото: secretmag.ru