Медицина қызметкерлері «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайды. Кездесу барысында Ақтөбе фтизипульмонологиялық орталығының қызметкерлері «AMANAT» партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Құдайберген Бекенов, Ерлан Татимовқа алдағы сайлауда сәттілік тіледі, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Ұжымда жарты мыңнан астам қызметкер бар, ал орталықтың өзі елдегі ең әлеуметтік маңызы бар дерт – туберкулезді емдеуде көпжылдық тарих пен бірқатар жетістіктерге ие.
Үміткерлер дәрігерлермен және қызметкерлермен жан-жақты әңгімелесті. Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіре отырып, халықтың әл-ауқатын арттыру және лайықты еңбек жағдайларын жасау партияның басты міндеті екенін атап өтті.
— Партияның алға қойған міндеттерінің бірі – сапалы жұмыс орындарын құру. Сондықтан партия жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту және жұмыс орындарын құру үшін жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық қолдау көрсетіп, жыл сайын бос жұмыс орындарына кемінде 22 мың адамды жұмыспен қамтуға жағдай жасайды, — деді Ерлан Татимов.
Үміткер сондай-ақ партия өңірде сапалы медицина құруға барлық жағдайды жасайтынын баса айтты.
— Біз 42 денсаулық сақтау нысанын сапалы және уақтылы салуға күш саламыз, кем дегенде 35 денсаулық сақтау нысанының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін кемінде 100 мың адамды скринингтен өткізуге ықпал етеміз. Кем дегенде 400 медициналық техника, сондай-ақ жедел жәрдем көліктері сатып алынады, — деп толықтырды Ерлан Татимов.
Құдайберген Бекенов өз кезегінде азаматтардың сенімі үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
— Осыны негізге ала отырып, «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары – халықтың көкейтесті мәселелерін шешу, тиімді кері байланыс, халықтың мұң-мұқтажына жедел ден қою. Партияның бастамалары барлық азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп, қоғамның дамуына ықпал етеді, — деді ол.
Кездесу соңында үміткерлер орталық қызметкерлерін сайлауға белсенді қатысып, «АМАNАТ» партиясына дауыс беруге шақырды.
Ақтөбе облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.