Елорданың жақын келешектегі бетпе-бет келетін ең үлкен мәселелері жылу мен электр қуаты болмақ. Мұндай ойды кәсіпкер, меценат Марат Нәбиев Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, деп Newsroom.kz хабарлайды.
«Қаланың ең қиын мәселелері – электр энергиясы мен жылу. Бізде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімді өндірілген өнім құнын бөлу арқылы есептеп жүрміз. Мемлекеттің экономикасын білу үшін әр адам тұтынатын электр қуатының көлемімен есептеу қажет. Бізге қалаға дәл қазір көмірмен емес, жаңа технологиямен жұмыс істейтін жаңа электр станцияларын салу керек. Бүгінде жылу қуатын екі есе көбейтетін насостар бар. Соларды қолдансақ, тарифтерді арзандатар едік», - деп айтты Марат Нәбиев.
Оның пікірінше, жылу электр орталықтары стратегиялық маңызды нысан ретінде мемлекеттің баласында болуы қажет.
«Қаншама жылу электр станциялары бар. Қазір бұзылып жатыр, Екібастұздағы жағдайға бәріміз куә болдық. Себебі ешкім ақша салып, жөндеу жүргізбеді. Кезінде бәрін жеке адамдарға бөліп берді. Сондықтан электр станциясын, теміржол, авицация кешендерін ешқашан жекенің қолына өткізуге болмайды. Қару-жарақ шығару ісін де Үкімет өз қолында ұстауы қажет. Соғыс болса қайтеміз, пышақпен шығамыз ба?», - дейді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:
[embed]https://youtu.be/s3oWzt8E-ec[/embed]