Сауд Арабиясында педофил мен кісі өлтіруші өлім жазасына кесілді, - деп Newsroom.kz хабарлайды Massaget.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Сауд Арабиясының Джидда қаласында 4 наурызда педофил өлім жазасына кесілген. Бұл туралы осы елдің ІІМ хабарлады.
"Омар Әл-Баракат кәмелетке толмаған ұлдарды азғырғаны және ұрлағаны үшін, сондай-ақ, оларға жыныстық зорлық жасағаны үшін сотталды", - деді ведомство өкілі.
Сот оны өлім жазасына кескен. Сонымен қатар, Джидда қауіпсіздік қызметкерін өлтірді деп айыпталған Мұхаммед Файди де осындай жазаға кесілген.
Фото: radio1.news