weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
6 наурыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жамбыл облысында төрт тәулік ішінде 21 қару тәркіленді

Жамбыл облысында төрт тәулік ішінде 21 қару тәркіленді

Жамбыл облысында төрт тәулік ішінде 21 қару тәркіленді
ашық дереккөзі

Жамбыл облысында төрт тәулік ішінде 21 қару мен 500-ден астам патрон тәркіленді, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

27 ақпаннан 10 наурызға дейін Жамбыл облысында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу болып табылады.

Полиция қызметкерлерімен төрт тәулік ішінде 244 рейдтік іс-шара өткізілді, 200 шаруа қожалығы тексерілді. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 21 қару мен 553 түрлі калибрлі патрон тәркіленді. Барлық алынған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 670 қару иесін тексерді, қаруды сақтау, алып жүру ережелері және оны қайта тіркеу тәртібі бұзылған 42 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Сақтау ережелерін бұзған қару иелерінен ішкі істер органдарында тіркелген 31 қару тәркіленді.

Жамбыл облысының полиция департаменті атыс және суық қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтын азаматтарға оларды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына, яғни учаскелік полиция инспекторына, кезекші бөлімге және басқа да бөлімшелерге тапсыруды ескертеді.

Фото: Polisia.kz