Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып хабарлайды.
Бейжіңдегі Қытайдың интернет-ақпараттық орталығы (CNNIC) жариялаған «Қытайдағы интернеттің дамуы туралы статистикалық есепке» сәйкес, 2022 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша Қытайдағы интернет қолданушылардың саны 1,067 миллиардқа жетіп, 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 35,49 миллионға өскен. Ал, интернетке ену деңгейі 75,6% болған.
Фото: Mediasat.info