«AMANAT» партиясы азаматтардың еңбек құқығын қорғайды

«AMANAT» партиясы азаматтардың еңбек құқығын қорғайды

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ғани Шаймарданов Күршім ауданында «Рахимов С» сауда үйінде сайлаушылармен кездесу өткізді, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Кандидат кездесуде партиялық бағдарламаның басым бағыттарына тоқталды. Мәселен, «AMANAT» партияы мұғалімдердің, дәрігер мен медицина қызметкерлерінің, бюджеттік мекемелердегі техникалық персоналдың, корпорациялардағы қарапайым жұмысшының мүддесін қорғап, жалақысын арттыруға күш салады. Такси жүргізушісі, делдал, фрилансерлер сынды дербес жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғайды.

– Алдағы бес жылда «AMANAT» партиясы барлық күрмеулі мәселені шешуге күш салады. Біз қоғам өмірінде әділдіктің орнауын мақсат етеміз! Демократия, әділдік пен тәртіп, жаңа әрі тең мүмкіндіктер қоғамның негізгі қағидаттарына айналады. Бізде бұған қажет ресурстың барлығы бар – жаңаша ойлайтын адамдар, тың идеялар, соны көзқарастар. Аманаттықтар Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру бағытын бірауыздан қолдайды. Жаңа Мәжіліс пен мәслихаттардың үні еліміздің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған азаматтың дауысына айналады. Сондықтан сайлауда белсенділік танытып, «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер! – деді Ғани Шаймарданов.

 width=

Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жүктелуде...