Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 наурыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жамбылда 25,5 мыңнан астам патрон тәркіленген

Жамбылда 25,5 мыңнан астам патрон тәркіленген

Жамбылда 25,5 мыңнан астам патрон тәркіленген
ашық дереккөзі

Жамбылдық полицейлер 33 қару мен 25,5 мыңнан астам патронды тәркіледі, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз сақталған қаруды іздеу және тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Ағымдағы жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері 33  қару, оның ішінде 3 Калашников автоматы, 9 тапанша (оның ішінде 3 Макаров тапаншасы), 2  мылтық, 18 тегіс ұңғылы мылтық, 1 аңшылық шолақ мылтығы және 25 562 түрлі калибрлі патрон тәркіленді. Барлық тәркіленген  қарулардың ішінде 3-уі  Жамбыл облысының полиция департаментінен жоғалған.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің  287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Барлық алынған  қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. 

Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Фото: Polisia.kz