Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
2 наурыз, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Серік Сәпиевтің Batyrball-дағы жанжалына қатысты Данияр Елеусінов пікір айтты

Серік Сәпиевтің Batyrball-дағы жанжалына қатысты Данияр Елеусінов пікір айтты

Серік Сәпиевтің Batyrball-дағы жанжалына қатысты Данияр Елеусінов пікір айтты
ашық дереккөзі

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Instagram желісіндегі парақшасында Naiza промоушен турниріндегі Batyrball ойыны кезінде Серік Сәпиевтің қатысуымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп Newsroom.kz хабарлайды Prosports.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

«Баршаңызға Ассалаумағалейкум! Мен Серік Сәпиев ағамыздың басынан өткен жағдайды айтқым келеді. Эмоциямен пірік білдірмес үшін бәрі қалай болғанын, не болғанын бақылап, күттім. Нәтижесінде Серіктің қолында доп болмағандықтан, жас жігіт тарапынан бұл шынымен дұрыс емес екенін байқадым. Доп болмаған соң, неге ондай әрекет жасадың? Жарақат алуы мүмкін еді. Иә, басқа ойыншылар да қарсыласын лақтырып, әдіс қолданып жүрді. Бірақ, Серікке жасалған әдіс әдейі, дөрекі жасалғандай көрінді. Бұл жерде Серіктің көңіл-күйі түсінікті еді. Ол жас жігітті ұрды дейді, бірақ жас жігіт Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және кубок иегері Вэл Баркерді білуі керек», - деді Елеусінов.

Фото: Кадр из видео