«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстандағы кандидаттары азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауды жалғастырып жатыр, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Бүгін облыстық мәслихатқа кандидат Равиль Юнусов сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Сбитневаның өтінішін тыңдады.
Кандидат тұрғынның жеке мәселесін назарға алатынын жеткізді.
– Партия қашан да халық үніне құлақ асады. Сондықтан сіздің мәселеңізді бақылауға аламыз. Біздің партиямыз қауіпсіз және құқықтық мемлекетті қолдайды. Сондықтан сізді сайлауда дұрыс таңдау жасауға және «AMANAT» партиясының кандидаттарына дауыс беруге шақырамын! – деді Равиль Юнусов.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді