Өткізу қабілеті 100 Гбит/с-тан асатын алғашқы қытайлық спутник сәтті ұшырылды

Өткізу қабілеті 100 Гбит/с-тан асатын алғашқы қытайлық спутник сәтті ұшырылды

ашық дереккөзі

2023 жылдың 23 ақпанында Бейжің уақыты бойынша сағат 19:49-да еліміз Сичан спутниктік ұшыру орталығында Чанчжэн-3B зымыран тасығышын пайдаланып, Zhongxing 26 спутнигін сәтті ұшырды, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Спутник жоспарланған орбитаға ойдағыдай көтерілді және ұшыру миссиясы сәтті орындалды.

Спутник негізінен стационарлық терминалдар мен көлік-кеме-әуе кемелері терминалдары үшін жоғары жылдамдықты кең жолақты қызметтерді ұсыну үшін қолданылады. Бұл миссия Чанчжэн сериялы зымыран тасығыштың 463-ші рейсі болып отыр.

Фото: Mediasat.info

Жүктелуде...