Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 ақпан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Енді ешкім жағымпаздықпен өсе алмайды – Дихан Қамзабекұлы

Енді ешкім жағымпаздықпен өсе алмайды – Дихан Қамзабекұлы

Енді ешкім жағымпаздықпен өсе алмайды – Дихан Қамзабекұлы
ашық дереккөзі

Бұл жөнінде ғалым, академик Дихан Қамзабекұлы «Qasqa Jol» Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, деп Newsroom.kz жазады.

Ол, бұған дейін, әсіресе, елордалық зиялы қауым өкілдері қоғамдағы өз рөлдерін ұмытып, жағымпаздықпен айналысып кеткенін жасырмайды.

«Алдыңғы басшымызда (Н.Назарбаев – авт.) босаңсу болған шығар. Айналасында көпшік қою қоюшылар болды. Ал бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашық айтты. «Қазақ ортасында мақтаудың көп екенін, зиялы қауым өкілдері соған икемделіп тұратынын мен білем, бірақ бұл мақтау маған өтпейді» деді. Менің түсінігімде бүгін жағымпаздық, бүгін ода, бүгін көпшік қою деген жүрмейді. Бүгін билік адамы халықтың қызметшісі екенін түсініп жүруі керек. Мемлекет басшымыздың азаматтығы да осы өреде деп есептеймін», - деп пікір білдірді профессор.

Оның ойынша, енді мұндай жағдайлар қайталанса трагедия орын алуы мүмкін.

«Мен ондайға ұрына қоймадым. Әйтпесе айтуға, көпшік қоюға мүмкіндік болды. Билік те , бәрі де уақытша. Халыққа, кәсібіңе қызмет етсең елдің батасын аласың. Тарих қайталанады, екінші рет қайталанса трагедияға ұласып кетуі мүмкін... Зиялы қауым өз рөлдерін толық атқара алмады деп ойлаймын. Егер олардың парасаты биік болса, бәлкім қаңтар оқиғасы немесе қаңтарға дейінгі қиындықтар болмас па еді»,- дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

[embed]https://youtu.be/eq1Lnwl_J9Y[/embed]