Талдықорғанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, деп Newsroom.kz хабарлайды Primeminister.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Экономикалық блок мәселелері туралы сөз қозғаған Премьер-Министр логистиканы дамыту облыстағы перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол пандемия басталғаннан бері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұрғанын, алайда қазіргі уақытта қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы айтты.
«Қорғас» жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, Орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек», — деді Үкімет басшысы.
Фото: Dw.com