Мемлекет қызметкері енесінің KaspiGold-ы арқылы пара алып келген

Мемлекет қызметкері енесінің KaspiGold-ы арқылы пара алып келген

ашық дереккөзі

Көлік бақылау инспекциясының бас маманы байып алу мақсатында заңды тұлғалардың ауыр салмақты көліктерінің еркін және кедергісіз қозғалуына рұқсат беріп келген екен, деп Newsroom.kz жазады Globalnews.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Ол үшін 2020-2022 жылдар аралығында 13 компаниядан бірнеше рет пара алған. Ұзын-ырғасы алған парасының жалпы сомасы 23 817 000 теңгеге жеткен деседі.

Қу мемлекеттік қызметкер параны өз қолымен алмаған.

Ол ақшаны әйелі, анасы, енесі мен әріптесінің әйеліне ашылған Kaspi Gold қосымшасы арқылы жіберуді талап етуді әдет қылыпты.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Жүктелуде...