Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 ақпан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мас күйдегі ер адам қарт анасын қорлаған

Мас күйдегі ер адам қарт анасын қорлаған

Мас күйдегі ер адам қарт анасын қорлаған
ашық дереккөзі

Мас күйдегі астаналық тұрғын қарт анасын бопсалаған, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

“102” арнасына елорданың 64 жастағы тұрғынынан, оның 35 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, оны балағаттап, қорлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Астаналық мас күйде үйге келіп, қарт анасынан өзіне алкогольдік ішімдік сатып алу үшін ақшаны қорқытып алмақшы болғаны анықталды. Алайда, егде жастағы әйел ақша беруден бас тартқаннан кейін, ол үйде жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айта бастаған. Сонымен қатар оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, оған психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Белгілі болғандай, бұрын ер адам бірнеше рет жауапқа тартылған, бірақ дұрыс жолға ақыры түспеген.

Аталған дерек Алматы ауданы ПБ учаскелік инспекторы Жандос Алкожаев құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскені барынша пысықтауды жүргізеді.

Фото: Polisia.kz