Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 ақпан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Блогер Отбасы банкінің жастар бағдарламасының шарттарын өзгертуді ұсынды

Блогер Отбасы банкінің жастар бағдарламасының шарттарын өзгертуді ұсынды

Блогер Отбасы банкінің жастар бағдарламасының шарттарын өзгертуді ұсынды
ашық дереккөзі

Танымал блогер, журналист Дәулет Мұқаев «Жас отбасы» бағдарламасының мемлекеттік деңгейде қабылдануы керек екенін айтып, «Отбасы банкінің» жүйесін сынға алды, деп жазады Newsroom.kz тілшісі Dauletten instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Дәулетті оқырман, Дәулетті армиям! Үйі жоқтың күйі жоқ» кесірінен мыңдаған отбасы ажырасып, қаншама бала толық емес жанұяда тәрбиеленуде. Бұл – болашақ ұрпақ үшін үлкен қасірет. Сіздер білетіндей мен бірнеше жылдан бері баспана жырын жырлап келемін. Еліміздегі тұрғын үй бағдарламаларына түрлі өзгерістер керек. Соның ішінде «Жас отбасы» бағдарламасы мемлекеттік деңгейде қабылдануы керек. Бұл бағдарлама жайлы мен 3 жыл бұрын да айтқанмын!» - деді желі белсендісі.

Ол өз сөзінде Отбасы банкіне қарасты «Жас отбасы» бағдарламасының тиімділігін ерекше сынға алды.

«Отбасы банкінің «Жас отбасы» бағдарламасы мүлдем тиімсіз. Себебі: бағдарламаның бастапқы жарнасы 50%-ды құрайды. Енді ғана шаңырақ көтерген жастарға мұндай жарнаны жинау өте қиынға соғады. Қазіргі мен ұсынатын «Жас отбасы» бағдарламасында бастапқы жарна 10%-дан, жылдық үстемақы 7%-дан аспауы керек!» - деп ойын аяқтады.

Фото: qyzyljarnews.kz