Цинь Шихуан қабірінде 140-тан астам атты әскерлер жасағын қалпына келтірді

Цинь Шихуан қабірінде 140-тан астам атты әскерлер жасағын қалпына келтірді

ашық дереккөзі

Жақында Шэньси өлкесінің мәдени жәдігерлер бюросы Цинь Шихуан қабіріндегі атты әскерлер жасағы бар № 1 шұңқыр сияқты бірқатар маңызды археологиялық жетістіктерді жариялады, деп Newsroom.kz жазады Kaz.people.cn дерккөздеріне сүйене отырып.

Археолоктер 2009 жылдан 2022 жылға дейін Цинь Шихуан кесенесінің мұражайы шамамен 430 шаршы метр № 1 шұңқырға үшінші қазба жұмыстарын жүргізді. Барлығы 220-дан астам қыш жауынгерлер мен 16 тұяқ қыштан құйылған жылқыларды, сондай-ақ мыңнан астам көлік құралдары, қару-жарақ пен өндіріс құралдары тазартылды.

Цинь Шихуан қабіріндегі атты әскерлер жасағындағы № 1 шұңқырда жаңадан табылған мәдени жәдігерлерді қазу нәтижелеріне сәйкес, әскери құрылымдардың орналасуы, сондай-ақ Цинь Шихуан қабіріндегі атты әскерлер жасағын жасау шараларының бүге-шігесі алдын ала анықталды. Жасақтардың қолдары бөлек жасалады. Жауынгерлердің денесі толығымен құрастырылып, қайта сыланып, барлық ою түрлері аяқталғаннан кейін ғана қолдар біріктіріледі.

Осы уақытқа дейін Цинь Шихуан қабірі мұражайы 140-тан астам атты әскерлер жасағын жаңадан қалпына келтірді.

Фото: Kaz.people.cn

Жүктелуде...