Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 ақпан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдердің қатарында

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдердің қатарында

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдердің қатарында
ашық дереккөзі

Қазіргі кезде мобильді интернеттің рөлі өте маңызды. «Қалтадағы» мобильді интернет бүгінде жарық, жылу, су, газ секілді қажетті дүниелердің бірі. Сондықтан мобильді интернеттің құны, басқа да қажетті ресурстар сияқты, тұтынушылар үшін маңызды, деп Newsroom.kz жазады Ranking.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Cable британдық аналитикалық ресурсының мәліметінше, 2022 жылы мобильді байланыс деректерінің 1 Гб орташа құны бойынша бес ең арзан ел:— Израиль (0,04 АҚШ доллары), Италия (0,12 АҚШ доллары), Сан-Марино (0,14 АҚШ доллары), Фиджи (0,15 АҚШ доллары) және Үндістан (0,17 АҚШ доллары).

Қазақстан да өз кезегінде ең арзан мобильді интернеті бар 233 елдердің қатарына еніпті. Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны небәрі 0,37 АҚШ долларын құрады.

Зерттеуде атап өтілгендей, инфрақұрылымы жақсы елдерде баға да арзан.

Сонымен қатар жыл сайынғы динамика бойынша мобильді интернет құны датөмендеп келе жатыр.

Тағы бір зерттеуге сәйкес, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресей мен Орталық Азияның барлық елдерінен озып кетті.

Фото: businessmir.kz