Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 ақпан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бүгін Тутанхамон қабірінің ашылуына 100 жыл толды

Бүгін Тутанхамон қабірінің ашылуына 100 жыл толды

Бүгін Тутанхамон қабірінің ашылуына 100 жыл толды
ашық дереккөзі

Осыдан тура 100 жыл бұрын ғасырдың археологиялық ашылуы болды, деп Newsroom.kz тілшісі жазады.

Археологтар бірде-бір қарақшылар қол тигізбеген жалғыз қабірді тапқан еді. Ол әйгілі Перғауын Тутанхамонның қабірі. Патшалар алқабындағы Ховард Картер мен Джордж Карнарвон қазба жұмыстары кезінде сенсациялық олжа жасады. Саркофагта археологтар пирамида елінің билеушісінің әдемі сақталған мумиясын, алтын маскасын және бес мыңнан астам құнды заттарды тапты. Мұражайдың ең әйгілі экспонаты-ол 11,26 кг таза алтыннан және көптеген асыл тастармен көмкерілген Тутанхамонның мүрдесінің бетпердесі. Қабірдің ашылуы египтология мен әлемдік археология тарихындағы ең үлкен оқиғалардың бірі болды.

 width=

Тарихта Ховард Картер өз есімін үш мың жыл бойы тоналмаған қабірді тауып, ашуға қол жеткізген алғашқы және жалғыз археолог болып қалдырды.

Тарихи деректерге сенсек, Тутанхамон (Тутанкатон) - шамамен біздің заманымыздан бұрын 1333-1323 жылдары билік еткен Ежелгі Египет перғауыны. Ол 9 жасында таққа отырып, 19 жасында қайтыс болған. Ата-анасының кім екені және өлімі себебі де белгісіз.

Перғауын ретінде аз танымал болған Тутанхамон 1923 жылы бұзылмаған, тоналмаған қабірін ашудың арқасында танымал болды.

Қазір Тутанхамон қабіріндегі қазыналар Каирдегі Мысыр мұражайында қойылған және он залды алып жатыр екен. Оның ауданы футбол алаңына тең.