Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның әйелі Эмине бір күн бұрын Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге ауруханаға барды, деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасаған newsroom.kz.
Дәрігерлер Мемлекет басшысына пациенттердің денсаулығы туралы айтып берді. Түрік басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Халін білуге келген әйелдердің бірі Президентке жаңа туған қызын көрсетті. Әйелдің айтуынша, баланың әлі есімі қойылмаған. Президент азан шақырып, Айше Бетүл деп есімін қойды. Ол түрік тілінен аударғанда "өмірді сүйетін қыз" дегенді білдіреді екен.
Естеріңізге сала кетсек, 6 ақпан күнгі жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жалғасуда.
Фото: 1news.az