Ресейлік құтқарушылар Түркиядағы үйінділерден тазарту жұмыстары барасында қомақты ақша тапты, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі РиаНовостиге сілтеме жасап.
"Жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділердің кезекті қабатын ашқан кезде Ресей ТЖМ қызметкерлері 100 долларлық купюралармен толтырылған табаны тапқан. Табылған 150 мың доллар көлемінде қолма — қол ақша жергілікті полицияға тапсырылған.
Естеріңізге сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 баллдық екі үлкен жер сілкінісі болды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, олар 1939 жылдан бері ең мықты болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 30 мыңнан астам адам қаза тауып, мыңдаған үйлер қираған. Жер асты дүмпулері, содан кейін жүздеген жер сілкіністері Түркияның он провинциясында және Сирия қатты зардап шеккен көрші елдерде сезілді.
Фото: sputnik.ru