Өткен жыл қазіргі Қазақстан тарихындағы ең қиын жылдардың бірі болды. Республика экономикасына індеттің жалғасуы, қайғылы қаңтар оқиғасы, Украинадағы әскери операцияларға байланысты геосаяси және санкциялық дағдарыстар сияқты жағымсыз факторлар әсер етті, деп Newsroom.kz хабарлайды Ranking.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Осындай жағдайларда Қазақстанның банк секторы айтарлықтай тұрақты болып шықты, алдымен ресейлік банктердің тоқырауына байланысты нарық салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз қайта бөлісіліп, артынша барлық негізгі көрсеткіштер көтерілді.
ҚР ЕДБ салымдарының жылдық өзгеруін қарастырайық. Бір жыл ішінде, 2023 жылдың 1 қаңтарында қазақстандық банктердегі депозиттер портфелі айтарлықтай 21,5% өсіп, 31,6 трлн теңгеге жетті. Клиенттердің сегменттері тұрғысында заңды тұлғалардың депозиттері 16,7% өсіп, 14,7 трлн теңгеге, жеке тұлғалардың депозиттері 26% өсіп, 16,9 трлн теңгеге жетті.
Елдегі ең ірі банктер арасында депозиттердің жылдық өсімінің абсолютті көшбасшысы Bank RBK болды: бірден 78,2% көбейіп, 1,35 трлн теңгеге жетті. Қаржы институты корпоративтік сегментте де (бірден 2,2 есе — бұл да сектордағы ең күшті көрсеткіш — 887 млрд теңгеге жетті), бөлшек сегментте де (бір жылда 33,1% көбейіп, 462,4 млрд теңгеге жетті) айтарлықтай өсім көрсетті.
Банкте бизнес пен жеке тұлғаларға арналған көптеген өнімдер бар. Жеке тұлғаларға арналған мөлшерлемесі жоғары депозиті, соның ішінде Safe жинақтау депозитіі (ЖТСМ — орналастыру мерзіміне байланысты 16%-ға дейін) атап өтуге болады.
Елдегі жетекші ЕДБ арасында депозиттердің жылдық өсімі бойынша екінші орында Еуразиялық банк: 68,8% көбейіп, 1,88 трлн теңгеге жетті. Заңды тұлғалар сегментінде қаржы институтындағы депозиттер бір жылда 61,8% артса, жеке тұлғалар сегментінде 78,1% өсті.
Үздік үштікті Kaspi Bank жабады: 47,9% көбейіп, 4,18 трлн теңгені құрады. Мұндағы бизнес депозиттері бір жылда 91,7%, жеке тұлғалар депозиттері 43,6% өсті.
Депозит қабылдайтын банктердің ішінде жалғыз ЕДБ көрсеткіші төмендеді. Бұл бұрынғы «ресейлік» Bereke Bank, онда депозит көлемі бір жылда бірден 59,5% төмендеп, 1,06 трлн теңге болып қалды.
Ескерту: ЦентрКредит Банкі рейтингте қарастырылмаған, өйткені оның өсу көрсеткіштері басқа екінші деңгейлі банктерді (Eco Center Bank, бұрынғы «ресейлік» Альфа-Банк) сатып алу арқылы қамтамасыз етілген.
Жалпы, 21 екінші деңгейлі банктердің 15-і өсім көрсетті. Қалған 6 банкте көрсеткіш төмендеді.
Ең нашар көрсеткіш ҚР-да қалған жалғыз ресейлік қаржы институты Банк ВТБ: бірден 86,4% азайды. Сондай-ақ Қытай банктері (Қытайдың СӨБ — 22,2%, Қазақстандағы Қытай Банкі — 13,1%) және БАӘ-нің еншілес ұйымы — Al Hilal Ислам Банкі (20,9%) депозиті азайды. Көрсеткші төмендеген жалғыз қазақстандық банк — Нұрбанк (бір жылда 2% азайды).
Фото: kapital.kz / Руслан Пряников