Елімізде 2023 жылдың 19 наурызында мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтеді, деп Newsroom.kz жазады.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер кез келген ел азаматы сияқты депутаттар сайлауына қатыса алады.
Олар партиялық тізімге ену мүмкіндігі бар. Сонымен қатар олардың Қазақстан Конституциясының барлық талабына сай мажоритарлық жүйе арқылы да кандидатурасын ұсына алады.
Дегенмен, сайлауалды үгіт науқаны басталған кезде мемлекеттік қызметші еңбек демалысына шығуы тиіс. Ал ол депутат болып сайланған жағдайда мемлекеттік қызметін қатар алып жүре алмайды.
Еске сала кетсек, Орталық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу рәсімі 18 ақпанға дейін жалғасады. Ал сайлау алды үгіт тіркеу аяқталған күні сағат 18-00-де басталып, 18 наурыз күні сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні.