Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 ақпан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Таксистің телефонынан хабарласуды өтініп – ұрлап қашқан

Таксистің телефонынан хабарласуды өтініп – ұрлап қашқан

Таксистің телефонынан хабарласуды өтініп – ұрлап қашқан
ашық дереккөзі

Астанада ер адам такси жүргізушісінің телефонынан хабарласуды өтініп, қашып кеткен, – деп Newsroom.kz хабарлайды Polisia.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Есіл аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елорда тұрғындарының ұялы телефонын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 32 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында күдікті такси шақырып, сауда ойын-сауық орталығына жеткені анықталды. Ер адам қажетті орынға жеткен соң, такси жүргізушісінен қоңырау шаламын деген сылтаумен ұялы телефонын сұрап, жүргізушіні дереу қайтып келетініне сендіру үшін, көлікке бос әмиян немесе блокнот қалдырып, СОО-ға кіріп кеткен.

Аңғал такси жүргізушілері оны кіре берісте бір сағаттан астам күткен. Осы кезде күдікті сауда орталығына кіріп, такси жүргізушісінің телефонынан жүргізушінің таныстарына жедел түрде ақша жіберуді сұрап хабарлама жазған.

Азаматтар күдіктенбестен, такси жүргізушісінің Kaspi қосымшасына ақша жібереді, сол сәтте күдікті түскен ақшаларды дереу терминалға аударған. Ақша мен ұялы телефонды алып, кейін телефонды өшіріп тастаған ер адам тығылып қалған. Осылайша, ол 6 такси жүргізушісін алдап үлгерген. Сонымен қатар полицейлер оның хостелден ұялы телефон ұрлығына қатысы барын анықтаған.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. Ер адам Астана қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Фото: Polisia.kz