Жақсы жаңалық! Түркиядағы отандастарымыз табылуда

Жақсы жаңалық! Түркиядағы отандастарымыз табылуда

ашық дереккөзі

Ү.ж. 7 ақпанда ҚР СІМ «жедел желісіне» 4 дос жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпайтыны туралы қоңырау түсті. Олардың үшеуі ҚР азаматтары, ал төртіншісі Түркия азаматы, деп Newsroom.kz жазады Aibek Smadiyarov фейсбук аккаунтына сілтеме жасай отырыр.

Жоғалған жастардың соңғы орналасқан жерін туыстарынан біліп, біздің дипломаттарымыз дереу түрік билігіне хабарласты. Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Хатай провинциясының Антакья қаласындағы аталған мекен-жай бойынша құтқарушылар тобы жіберілді.

Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Әзірше Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылды. Екеуі де аман-сау, оларды дәрігерлер тексеруі керек. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттер де аман-есен табылады деп үміттенеміз.

Фото: Facebook/AibekSmadiyarov

Жүктелуде...