«Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы (PMI) Оңтүстік Кореяның жетекші темекі және никотин өндірушісі KT&G компаниясымен келісім жасады, деп Newsroom.kz хабарлайды.
Келісім темекіге қарағанда зиянды заттардың деңгейі 95%-ға аз бөлінетін түтінсіз құрылғылар желісін кеңейтуді білдіреді. Осылайша, компаниян түтінсіз болашаққа апаратын және бизнесті түрлендіруді жалғастыруда тағы бір қадам жасады.
PMI және KT&G арасындағы ұзақ мерзімді серіктестік инновациялық түтінсіз құрылғылар мен тиісті темекі таяқшаларын бүкіл әлем бойынша (Оңтүстік Кореядан басқа) одан әрі эксклюзивті сату мақсатында жасалған.
Екі компания арасындағы ынтымақтастық үш жыл бұрын басталды және осы уақыт ішінде PMI KT&G-ның өнімдерін 30-дан астам нарықта, соның ішінде Қазақстан нарығында да ілгері жылжытты. Жаңа келісім PMI-ге KT&G түтінсіз өнім брендтеріне, соның ішінде табысы төмен және орташа нарықтарға арналған ұсыныстарға эксклюзивті қол жеткізуді жалғастыруға мүмкіндік береді, бұл компанияның қолданыстағы түтінсіз өнім портфелін кеңейтеді. Өз кезегінде жасалған келісім KT&G-ға PMI жаһандық бизнес инфрақұрылымын және оның Оңтүстік Кореядан тыс бизнесті одан әрі кеңейтуді қолдау үшін түтінсіз өнімдер маркетингісіндегі тәжірибесін пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік береді.
«Біз бизнесімізді түрлендіруді бастағаннан бері миллиондаған ересек темекі шегушілер біздің түтінсіз өнімдерімізге көшіп, темекіні толығымен тастады. KT&G компаниясының lil өнімдері әлемдегі қыздырылған темекінің жетекші өнімі болып табылатын IQOS-қа қатысты қосымша рөл атқарады және біздің жалғасын табатын ынтымақтастығымыз бүкіл әлемдегі ересек темекі шегушілерге темекіні тастауға көбірек мүмкіндік береді. Корея ғылым мен инновация саласындағы әлемдік көшбасшы ретінде бүгінде жақсы болашаққа жол ашатын маңызды кезеңді атап өтуде. KT&G технологиялары мен инновация жылдамдығының арқасында және PМI ғылыми және коммерциялық инфрақұрылымы арқылы біз серіктестігіміз темекісіз болашаққа деген ортақ көзқарасымызды жүзеге асыруды жеделдететініне сенімдіміз», - деп атап өтті Яцек Ольчак.
Жарияланған келісім нарық жағдайлары өзгерген жағдайда максималды икемділікті қамтамасыз ету үшін әр үш жыл сайын қызмет нәтижелері мен міндеттемелерді қайта қарау циклдарымен он бес жылға созылады. PMI және KT&G бұл міндеттемелер келісім мерзімі ішінде өседі деп күтеді, ол алғашқы үш жылдағы міндеттемелердің жалпы сомасынан бастап темекіге арналған шығыс материалдарға 16 миллиардқа тең болады деп болжанады.
Келісім шеңберінде сатылатын өнімдер олар ұсынылатын нарықтардың нормативтік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланатын болады. Сондай-ақ, негізгі қауіпті жану өнімдері тудыратын темекілермен салыстырғанда инновациялық түтінсіз құрылғыларда зиянды заттардың деңгейі 95%-ға аз бөлінетін, төмендетілген зиянның жоғары сапа стандарттарына және ғылыми негіздемесіне сәйкестігі бағалады. PMI және KT&G реттеушілердің жеке нарықтарда талап етілуі мүмкін қажетті рұқсаттарды алу үшін барлық жағдайды жасайтын болады.
«Біз қазіргі таңда KT&G-мен табысты серіктестікке қуаныштымыз және ұзақ мерзімді ынтымақтастық темекісіз болашаққа жетуді жеделдете алады деп сенеміз. Біздің мақсатымыз – темекі шегуді тастай алмайтын барлық адамдарды дәстүрлі темекіге өміршең балама болып табылатын жанбайтын технологиялық өнімдерге ауыстыру», - деп ойын түйіндеді Philip Morris International компаниясының бас директоры Яцек Ольчак.
Яцек Ольчактың пікірінше, егер барлық ересек темекі шегушілер өміршең баламаларға және осы инновациялық өнімдер туралы нақты, ғылыми негізделген ақпаратқа қол жеткізе алса, темекісіз болашаққа тезірек қол жеткізуге болады. KT&G-мен бірлесіп PMI бүкіл әлемдегі реттеушілерді, ғалымдарды және денсаулық сақтау мамандарын темекі шегушілерді темекіні тастауға тарту үшін осы технологиялық инновациялардың әлеуетін пайдалануға шақырады.
Анықтамалық ақпарат
Philip Morris International (PMI) – темекі түтіні болмайтын болашақты құру үшін жұмыс жасайтын және темекі мен никотин секторына жатпайтын өнімдерді қосу арқылы портфолиосын ұзақ мерзімді перспективада дамытатын жетекші халықаралық темекі компаниясы. Компанияның қазіргі өнім ассортименті негізінен темекі мен түтінсіз өнімдерден, оның ішінде АҚШ-тан тыс нарықтарда сатылатын жанбайтын өнімдер, бу және пероралды никотин өнімдерінен тұрады.
2008 жылдан бастап PMI темекі сатуды толығымен тоқтату мақсатында темекі шегуді жалғастыратын ересектерге арналған темекі түтінісіз инновациялық өнімдерді әзірлеуге, ғылыми негіздеуге және коммерцияландыруға 9 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Бұл әлемдік деңгейдегі ғылыми бағалау мүмкіндіктерін, әсіресе клиникаға дейінгі жүйелік токсикология, клиникалық және мінез-құлық зерттеулері және постмаркетингтік зерттеулер саласындағы мүмкіндіктерді құруды қамтиды.
АҚШ-та Азық-түлік өнімдері және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (FDA) PMI компаниясының IQOS Platform 1 құрылғылары мен шығын материалдарының нұсқаларын өзгертілген қауіпті темекі өнімдері (MRTPS) ретінде сатуға рұқсат берді, өйткені бұл өнімдерге экспозицияны өзгертуге тапсырыстар халықтың денсаулығын нығайтуға жарамды деп санайды.
2022 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша темекі шекпейтіндерге арналған PMI өнімдері Қазақстанды қоса алғанда 70 нарықта сатылымға шығарылды және PMI-дің болжамы бойынша бүкіл әлемде шамамен 13,5 миллион ересек адам IQOS-қа көшіп, темекіні тастады деп есептейді.
Тіршілік туралы ғылымдар бойынша берік іргетасы мен маңызды тәжірибесі бар PMI 2021 жылдың ақпанында сауықтыру және денсаулық сақтау салаларын кеңейту және тұтынушылар мен пациенттердің қанағаттандырылмаған қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған инновациялық өнімдер мен шешімдерді жеткізу жөніндегі амбицияларын жариялады.