Айтыскер ақындар ара қатынастары көпшіліктің қызу талқысына түскен Raim мен Еркеге ән арнады, деп Newsroom.kz хабарлайды Stan.kz дереккөздеріне сүйене отырып.
Олар жұрттан қос ғашықты сөз қылуды тоқтатуын сұрады. Әзіл аралас арнауды Жандарбек өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, “Биыл некесі қиылған жастардың бәрі бақытты болсын!”, – деп жазба қалдырды.
Видео сілтеме бойынша"Ақтөбеде "жоқ-жоқ" дейтін ана қыз,
Сол қызды алды Райым деген баламыз.
Былтырғы қаңтар – уайым,
Биылғы қаңтар — Райым,
Біз қазақтар тек қаңтарда жарамыз.
Еркенің артында емес
Еркенің алдында емес,
Еркенің қасында жүр еркек боп беріп кеңес,
Кімдер екен?
Сендеді өкпелеткен,
Адамды ғайбаттау –
Исламда күнә үлкен.
Үндер екен, Райымды елжіреткен,
Еркенің әні күнде Райымды тербеткен.
Сөге бермей Райым менен Еркені,
Өсек-сөзді тоқтатса екен, ел тегі.
Ерке менен Райым, бақытты болсын ләйім,
Екі жастың жарқын болсын ертеңі.
Мына жалған бес күнде,
Қызықпастан ешкімге,
Өміріміз бола берсін ертегі”, – деп жырлады ақындар.
Фото: Stan.kz