Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 ақпан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша мал алды

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша мал алды

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша мал алды
ашық дереккөзі

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша  ірі ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер 47 жеке қосалқы шаруашылыққа 658 бас мал берді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жобаның мүмкіндіктерінің арқасында ауыл тұрғындарының ауласына мал бітіп, табысы арта бастады. Солардың бірі - Ырғыз ауданы, Шеңбертал ауылының тұрғыны Бағлан Рақымжанұлы. Ол аталған жоба аясында құмтоғайлық кәсіпкер, «Алтын-Әсел» ЖШС директоры Хамит Өтеуовтен 20 бас ірі қара алған. Ол кәсіпкермен үш жылға келісімшартқа отырды.

-Келісімшартқа сәйкес мен үш жыл бойы кәсіпкерден алған малды бағып, одан төл аламын. Содан кейін 20 бас ірі қараны иесіне қайтарып беремін. Бұл жерде маған мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Осылайша мен үш жыл ішінде ауламдағы мал басын көбейтемін. Биыл алған малыма 120 бума шөп дайындап алдым, — дейді Бағлан.

Жалпы, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға Ырғыз ауданынан екі ауылдық округ, атап айтсақ, Қызылжар және Тәуіп ауылдық округтері таңдалған. Аталған округтерде барлығы 529 түтін бар. Оларда 3104 адам тұрады. Биыл ауданда бұл бағдарлама аясында жалпы құны 404,0 млн теңге болатын 194 жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде 45,0 млн теңгені құрайтын 7 жоба өсімдік шаруашылығын, 128,0 млн теңге болатын 153 жоба құс шаруашылығын дамытуға бағытталмақ.

— Аталған ауылдық округтерге бағдарлама аясында 21 500 бас қаз алуға 86,0 миллион теңге, 27 300 бас тауық алуға 41,0 миллион теңге, 300 бас бөдене алуға 1,0 миллион теңге бөлінбек. Сондай-ақ Қызылжар ауылдық округінен екі ауылшаруашылық кооперативін техникалармен қамтамасыз етуге 40,0 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұдан бөлек жалпы құны 191,0 миллион теңге болатын 32 жоба шағын бизнесті дамытуға, оның ішінде ет, сүт өңдеу және кондитерлік өнімдер цехтарын, наубайханалар салу үшін жүзеге асырылады. Сондай-ақ екі ауылдық округте 3 кәсіпкер жылыжай салуды жоспарлап отыр, — дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Есет Молыбаев.