ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауларын даярлау және өткізу мәселелері бойынша Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясында семинар-кеңес өтті.
Жиынға округтік сайлау комиссияларының төрағалары, облыстық прокуратура, ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы, облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқрмасы, облыстық салық органдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Басқосуда мәжіліс мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» заңының талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша мәселе қаралып, тиісті мемлекеттік органдардың заң талаптарына сай белгіленген мерзімдерде атқаратын қызметтері айқындалды.
Сондай-ақ, тиісті сайлау округтерінен жіберілетін сұраныс хаттардың орындалу мерзімдерін сақтау мәселесі көтеріліп, жауаптар алынды.
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі