Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қаңтар, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанға Удай Котактың компаниясы келе жатыр

Қазақстанға Удай Котактың компаниясы келе жатыр

Қазақстанға Удай Котактың компаниясы келе жатыр
ашық дереккөзі

Қазақстанға инвестиция салуға ниетті Үндістанның ірі «Adani Group» конгламератының біздегі жобаларын "Коtак Mahindra bank" бастаған үнді инвестияциялық банктерінің пулы қаржыландыруы мүмкін. Үнді инсайдерлері қазір синдикатталған заем бойынша қадамдардың басталғанын айтады, деп newsroom.kz хабарлайды.

"Коtак Mahindra bank" 2022 жылдың қортындысы бойынша 344 миллион доллар таза пайда тапты. Ол Үндістанның үздік династиялық бизнесінің бірі. Ел бойынша дәу инвестбанк. Оны көп жылдан бері банкир Удай Коtак басқарып келеді.

Ал осы инвестбанктердің қаржысын тартатын «Adani Group» конгламератының бастықтары өткенде бізге келіп, сөйлесіп кеткен болатын. Үндістан делегациясын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Премьер-Министр Әлихан Смайылов  және орталық мемлекеттік органдардың басшылары қабылдаған еді.

Тараптар логистика, энергетика және газ және мұнай химиясы сияқты салалардағы ынтымақтастық мәселелерін өзара талқылаған.

«Adani Group» - энергетика, теңіз порттары мен логистика, тау-кен өнеркәсібі салаларын, сондай-ақ әуежайларды, дата орталықтарды біріктірген алпауыт конгломерат. Нарықтағы капитализациясы 280 миллиард долларға бағаланады. Ол бізде Каспий теңізі жағалауында порт салуға, Еуропаға транзитті дамытуға қызығып отыр.

Бірақ бүгін "Adani Group" капитализациясы 50 миллиард долларға бірден құлады. Үндістанда оның басшылығы корпоративті махинациялар жасады деп айыпталуда.

Дереккөз: dalainside