Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 қаңтар, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сайлауға түссең қанша қаржы кетеді?

Сайлауға түссең қанша қаржы кетеді?

Сайлауға түссең қанша қаржы кетеді?
ашық дереккөзі

Бір мандатты округ бойынша сайлауға қатыссаң қанша кетеді дегенді шамамен есептеп көрдік - белгілі қаржы маманы Ербол Азанбек өзінің әлжелідегі парақшасында жазды деп newsroom.kz хабарлайды.

Төменде Е. Азанбектің жазбасы толық беріліп отыр:

Түбегейлі қате болуы мүмкін. Өйткені әр деталына үңіліп, терең зерттеу жасалмады. Шамамен қанша кетеді деп, жәй ғана есептеп шыға салдық. Цифрлардан қатты әділдік іздемеңіз. Шамамен былай болды. Ішінде жүргендер түзете жатар.

Бағаны кең молынан алдық. Туыстың үйінен тамақ іше саламыз ғой демедік).

Сонымен,

1 млн 50 мың тг жарна. Депутат болсаңыз немесе 5% дауыс жинап, өте алмасаңыз қайтарылады

Алматы облысынан түсетін болсаңыз 9 аудан, Қонаевты қосқананда 10 делік.

Ашық ақпарат жоқ, Алматы облысына 2 мандат берілген деседі. 4 ауданға бірден.

Сіз Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Талғар ауданынан түсесіз делік.

Кегенде 12, Райымбекте 11, Еңбекшіқазақ 25, Талғар ауданында 10 ауыл бар делік. Барлығы 58.

Бір күнде 2 ауылдың халқымен кездесуіңіз керек. 29 күн, шамамен 1 айыңыз кездесуге кетеді. Жаяу барып, жалғыз кездеспейсіз. Жаныңызда команда, игі жақсыларды ертуіңіз керек. Ең қашығы Райымбек ауданындағы ауылдар Алматыдан 400-450 шақырым. 10 мың шақырымдай жол жүруіңіз керек. АИ -92 бағасы 172 теңге, сізге керегі  1 720 000 тг бір машинға бензин. Кемі 3 машинамен жүресіз. 4 млн бензинге деңіз.

Тамақ:  28 күнге, 3 уақыт, 10 адамға 2 520 000 тг кетеді.

Енді ең негізгісі, команда.

Әр сайлау учаскесінде сенімді өкіл – 58, әр учаскеде 2-ден бақылаушы. Барлығы 174. Тегін бола ма, білмеймін. Төлеу керек болса, 100 мыңнан есептегенде кемі 17 млн қаламақыға.

Кеңесшілер, SMM-ші, мобилограф – фотограф, копирайтер, әр ауылда еріп жүретін адамдар т.б кемі 10 адам. 2 айға 10 000 000 тг.

БАҚ, блогерлер т.б шығын 10 000 000 тг.

Түрлі көрнекіліктер, футболка, баннер, қалам, мессенджерлер, әлеуметтік желі арқылы тарататын аудио, видеороликтер, мәтіндік хабарламалар, таргет, сценарий бойынша бата беретін шалдарға шапан, апаңа камзол – 5 млн тг.

Барлығы: 49 570 000 тг.

Өтіп кетсең мұның қайтарымы не болады? Айлық: орташа 700 мың делік. 5 жылда бар айлығыңыз 42 000 000 тг. Сосын өте мол тәжірибе, жоғары деңгейдегі таныстық, танымалдылық, кейін мансаптық өсу мүмкіндігі. Сосын оңбағандар, түк бітірмейді демеу үшін аздап популистік тәжірибе. Қалжың.

Ал өтпесең. Жан-жаққа сұрау салып көргенбіз. Бір облыста өтетін 2 адамның аты-жөні бар, нақты нұсқаулық бар, ал жәй науқанды қыздырамын, жақсы тәжірибе жинаймын десеңдер, уэлком деді.  49 млн.ға тәжірибе керек пе?

Фото: nalogikz.kz