weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қаңтар, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысында 27 адам қар құрсауынан құтқарылды

Түркістан облысында 27 адам қар құрсауынан құтқарылды

Түркістан облысында 27 адам қар құрсауынан құтқарылды
ашық дереккөзі

Өткен тәулікте Түркістан облысында қар құрсауынан  27 адам құтқарылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

«112» қызметіне Төлеби ауданының Көксәйек ауылынан 7 шақырым жерде жолаушылары 7 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 width=

ТЖ орнына келген құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Көліктегі 14 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып, Көксәйек ауылындағы №16 өрт сөндіру бекетіне жеткізді.  Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника, Түркістан облысы полиция департаментінен 8 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Сол күні құтқарушылар Созақ ауданының Шолаққорған ауылынан 25 км жердегі аудандық маңызы бар «Шолаққорған-Түркістан» тас жолында  13 адам,  оның ішінде 1 бала құтқарды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен  11 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарға ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.